ЕНДІ ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ «ЯНДЕКС» ЖЕТКІЗЕДІ

ЕНДІ ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ «ЯНДЕКС» ЖЕТКІЗЕДІ

Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет Шымкентте де іске қосылды. Енді дайын құжатты алу үшін ХҚО-ға қайта келудің қажеті жоқ. Корпорация "Яндекс жеткізу" жүйесімен бірлесіп, құжат жеткізудің неғұрлым жылдам әрі ыңғайлы, баламалы тәсілін іске қосты.
Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін оған веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, сол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізу ақысын сол сілтеме арқылы төлейді. Нақты уақыт режимінде курьердің жол қозғалысын қадағалап, онымен Яндекс GO мобильді қосымшасы арқылы хабарласады. Қосымша жоқ болған жағдайда жеткізілімді SMS-те келген сілтеме арқылы карта виджетімен бақылауға болады.
«Қызмет ақылы, құны көрсетілген мекенжайдың орналасқан жеріне, жолдағы кептелістерге, жол жүктемесіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Жеткізу уақыты – 15 минуттан 2 сағатқа дейін. Қызмет іске қосылғаннан бері 300-ге жуық құжат жеткізілді», – деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.
Дайын құжаттарды жеткізу 150 мемлекеттік қызмет бойынша қолжетімді, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттар, жер учаскелеріне актілер, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағаттық анықтамалар, әскери билеттердің телнұсқалары және басқалар бар. Бұл ретте жеткізу сервисіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.
Айта кететін, Мемлекеттік корпорация 1414 Бірыңғай байланыс орталығының үздік қызметкерлерін марапаттаған еді. «Азаматтарға арналған үкімет» 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Бірыңғай байланыс орталығының қызметкерлерін марапаттады. Іс-шараға қатысу үшін алғаш рет еліміздің түкпір-түкпірінен үздік операторлар келді. Оларға жұмыста көрсеткен жоғары нәтижелері үшін алғыс хат табысталды.
Айта кету керек, Мемлекеттік корпорация үнемі қызметкерлердің біліктілігін арттыруына ерекше мән береді. Сондықтан марапаттаудан кейін байланыс орталығының 21 қызметкері оқыту семинарына қатысты. Сондай-ақ, операторлар басқа өңірден келген әріптестерімен тәжірибе алмасты.
Қызықты дерек: биыл байланыс орталығына 11,7 млн. өтініш түсті. Қызметкерлер күніне орта есеппен 40 мыңнан астам сұраныс қабылдайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...