Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы баспасөз брифингінде мәлімдеді.
– Аталған профилактикалық жұмыстың мақсаты – қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін газдың салдарынан орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алу және жауапкершілікті арттыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал, түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар, - деді ол.
Спикердің айтуынша, үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері еңгізіліп, іске қосылды. Аталған бағдарлама арқылы үй-ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісім шартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар. Тұрғындар қызмет көрсететін мекемені өздері таңдап,онлайн түрде келісім-шарт жасай алады.
Айта кетейік, қала аумағында әлеуметтік инфрақұрылымға жататын газ тарату жүйелерінің объектілері бар ұйымның келiсiмiнсiз газ құбырларының күзет аймақтарын бүлдірген 12 жеке және заңды тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 305-бабына сәйкес (95 АЕК- 290 985 теңге) айыппұл салынған.
Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфрақұрылым даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Республикалық «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарының деректерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Нұрдәулет Құрбанбекұлы, брифинг барысында қаладағы лифт мәселесіне де тоқталды.
– Қаладағы жалпы лифтілер саны - 685. Оның ішінде: тұрғын үйлерде орнатылған лифтілер - 561, денсаулық сақтау мекемелерінде - 51, білім беру басқармасына қарасты мектептерде - 23, қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында және қонақ үйлерде - 50.
Айта кетейік, ҚР «Азаматтық қорғау» Заңының талаптарын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан сексен сегіз лифтіге комиссиялық сынақтар өткізіліп, он тоғыз лифт тіркеуге қойылды. Қазіргі уақытта жүк көтергіш құралдырын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет реестріне енгізіліп электронды түрде «Egov.kz» порталына қосылған. Осы құралдарды пайдаланудағы қызмет көрсетуші мекемелермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында және лифтілерге қызмет көрсетуші мекемелердің қызметінің жауапкершілігін арттыру үшін « iKomek 109» бірыңғай байланыс орталығымен интегерацияланған.
ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ГАЗ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
