Қос газет біріктірілді

Қос газет біріктірілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыда қайта құрылған «Қазақ газеттері» ЖШС ұжымымен кездесті. 

Бұл туралы Дархан Қыдырәлі  өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, «Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» ЖШС-ның бірігу жұмыстары сәтті аяқталды.

«Қазақ газеттері» деп аталатын құрылым өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты деп айта аламыз. Жаңа құрылым жаңа ғимаратта жұмысын бастады. Ұжым қызметкерлерінің жалақысы, қаламақы және сыйақы өсті. Алда да атқарылатын жұмыс көп. Енді «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары бір шаңырақтың астында қызмет істейді. Бұл – ортақ ақпараттық қызмет, - деп жазды Д. Қыдырәлі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...