Бүгін «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Нұрбол Оқуов, Раушан Аймурзаева, Анар Шамшадинова, Людмила Мендыгалиева мен Тимур Абдыкаримов «Мұнайтелеком» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
Жиында кандидаттар алдымен партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партия бағдарламасында өңірдегі цифрлық қызметтің сапасын жақсартуға арналған нақты жоспарлар бар екенін жеткізді. Атап айтар болсақ, 2027 жылға дейін ауылдық елді мекендерді мобильді байланыспен және интернетпен 100 пайыз қамтамасыз еткізуге жұмыстанбақ.
Кездесуде ұжым тарапынан үміткерлерге ұсыныс-пікірлер айтылды. Олар өзекті мәселеге айналған жұмыссыздық пен қымбатшылықты айтып, шешу жолдарын қарастыруды сұрады. Сонымен қатар «МАЭК КАЗАТОМПРОМ» өнеркәсібінің жұмысына қозғады. Кәсіпорындағы құбырлардың тозуынан үнемі орын алатын су жетіспеушілігі мен жылу тоқтап қалу мәселесін ортаға салды. Айтылған проблемаларға байланысты «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев партияның сайлауалды бағдарламасындағы жоспарларға тоқталып кетті.
-Ауыз су мәселесі өңірдегі өте өзекті мәселелердің бірі. Партияның алдағы бес жылға арналған жоспарында осы күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелердің барлығы қарастырылған. Ауыз су мәселесін шешу үшін су тұщыту зауытын салып, барлық аймаққа су құбырларын тартуды алға тартып отырмыз. Сондықтан алдағы өтетін сайлауда сенім білдіріп, дауыс берулеріңіз осындай көптеген өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ететін болады, - деді ол.
Аталған мекеме қалааралық және халықаралық телефон байланысын және ғаламтор желісіне қосу қызметтерін жеткізетін телекоммуникациялық оператор болып табылады. Сондай-ақ өңірдегі мұнай кенттерін, елді мекендерін бірыңғай ақпараттық кеңістікке біріктіреді. Мұнда 500 ден аса облыс тұрғыны қызмет етеді.
Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.