БАДАМДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

БАДАМДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Әлия Юсупова, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Бақытжан Жақсықұлов, Мадина Кенжебаева және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиаланың Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова «Бадам» тұрғын алабында жергілікті халықпен кездесу өткізді. Үміткерлер жергілікті тұрғындарға жетекші партияның бес жылдық сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ондағы халық игілігі үшін жасақталған жобалар туралы кеңінен әңгімеледі.


- Бүгінгі таңда инфляция, азық-түлік бағасының күрт өсуі сияқты өзекті мәселелер күн тәртібінде тұр. Қарапайым халық қымбатшылықтың қалталарын қағып жатқанын айтып наразылықтарын білдіруде. Сол себепті де партияның араласуымен кешенді шараларды шұғыл түрде қолға алуымыз керек. «AMANAT» алдағы бес жылда азаматтардың кірісін арттыруға барынша күш салады. Олардың өмір сүру сапасын арттыру үшін жұмыс жасаймыз, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Әлия Мақсұтқызы.

Кездесу соңында болашақ халық қалаулысы «Бадам» тұрғын алабының жұртшылығын 19-наурызда өтетін сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан алғаш рет телекөпір режимінде робот-ассистенттелген технологияны қолдана отырып, трансұлттық операцияға қатысты, деп хабарлайды ...

Астана, 2025 жылғы 18 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық жобасы аясында «Арнаулы...

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Аустралияда өткен мектеп оқушыларына арналған...