САПАЛЫ МЕДИЦИНА – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

САПАЛЫ МЕДИЦИНА – ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері бүгін медицина өкілдерімен кездесті. Партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бастаған үміткерлер мен партия белсенділері Бақытжан Позилов, Бақтияр Тайжан, Абзал Зейнетаев, Мақсат Абдукаримов және Арай Есенбек «MEDIKER» медициналық орталығының ұжымымен жүздесті.

Кандидаттар жиында халық денсаулығы үшін сапалы медицинанық маңызы зор екеніне тоқталды. Әсіресе, коронавирус пандемиясынан кейін білікті дәрігер мен заманауи медициналық құралдардың маңызы арта түсті.

Жанар Әлібекқызы, осы орайда, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында да медициналық қызметтің сапасын арттыруға баса назар аударылатынына тоқталды.

– Үшінші мегаполистегі медицина қызметінің сапасын арттыру мақсатында алдағы жылдары осы саласындағы жалпы 18,5 мың қызметкерге республиканың жетекші мамандары шеберлік сағаттарын өткізеді деп жоспарлануда. Ол іс-шаралар кешені 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Нәтижесінде адамдардың өмір сүру ұзақтығын 70,5 жастан 73 жасқа дейін арттыруға, сапалы медициналық қызмет көрсетуге, денсаулық сақтау қызметкерлерінің тапшылығын шешуге мүмкіндік болады, – деді партия филиалының Атқарушы хатшысы, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығынан үміткер Жанар Бектаева.

Кездесуде, сонымен қатар, қала тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін шалғайдағы елдімекендердегі 200 мыңға жуық тұрғынға арналған 4 емхана салу қажеттігі айтылды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...