ҚР Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер бүгін Қаратау ауданының «Асар» шағынауданының тұрғындарымен инфрақұрылымды дамыту және тұрғын-үй қолжетімділігі сынды өзекті мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, қала тұрғындары инженерлік желілердің тозуы, коммуналдық тарифтер құнының жоғарылауы, абаттандыру және жасыл желек тақырыптарын қозғады.
2028 жылға дейін Шымкентте 5,5 млн шаршы метр тұрғын-үй салу, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 67,4%-дан 85%-ға дейін ұлғайту, қала аумағын 100% газдандыру, аулаларда 100 ашық спорт алаңын салу және көшелерді жарықтандыру мәселесін толығымен шешу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 5 жыл ішінде қалада 600 мың ағаш отырғызылады. Қалдықтарды бөлек жинауға арналған 500-ден астам қоқыс контейнері орнатылады.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.