Алматыда бірқатар сауда нүктесі мен жазғы дәмхана сүріледі

Алматыда бірқатар сауда нүктесі мен жазғы дәмхана сүріледі

Алматыда сот шешімі бойынша тротуарда және жалпыға ортақ жерлердегі бірнеше сауда нүктесі мен дәмхана сүріледі. Бұған дейін Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы бұл жерді кәсіпкер әкімдіктен жалға алған болатын.
Жалдау мерзімі біткен соң бизнесмен жерді мемлекетке қайтарудан бас тартты. Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы оны сотқа берді. 2021 жылдың қыркүйегінде ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған ғимараттарды бұзып, жерді жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады.
Алматы қалалық соты меншік иесінің талап арызын қараусыз қалдырды. Қазір бірінші сатылы соттың шешімі заңды күшіне енді. Ғимараттарды бұзу мерзімін сот орындаушысы тағайындайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы...