Алматының аудан әкімдері көп балалы аналармен сегіз кездесу өткізді

Алматының аудан әкімдері көп балалы аналармен сегіз кездесу өткізді

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың ақпан айында аудан әкімдері көп балалы аналармен 8 кездесу өткізді.
Кездесуге көп балалы 90 ана келді, әкімдер 101 сұраққа жауап берді. Оның 67-сі бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 14 мәселе пысықталды, тағы 20-сы бойынша жұмыс жүргізілуде.
Негізгі мәселелер:
- тұрғын үй алу тәртібі (кезекке қою) - 27 (27%);
- білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) - 14 (14%);
- денсаулық сақтау - 8 (8%);
- әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жиынтықтары) - 9 (9%);
ТКШ және абаттандыру (газ қосу, сумен жабдықтау және су бұру) - 9 (9%);
- жұмысқа орналастыру және бизнеске арналған гранттар - 4 (4%);
- көлік - 2 (2%);
- алимент - 1 (1%);
- басқалары – 27 (27%).
Қала әкімі аудан әкімдерінің көп балалы аналармен 2023 жылғы наурызға арналған кездесулерінің тиісті кестесін бекітті.
Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесулер барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көп балалы аналармен ай сайынғы кездесулерін ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Аудан әкімдерінің 2023 жылдың наурыз айында қаланың көп балалы аналарымен кездесулерінің Кестесі:
Алатау ауданы: 15.03.2023 ж. сағат 10.00-де Алатау ауданы әкімінің аппараты (Жанқожа батыр көшесі, 26);
Алмалы ауданы: 17.03.2023 ж. 10.00-де «Бақытты отбасы» орталығы (Наурызбай батыр, 106 А);
Әуезов ауданы: 10.03.2023 ж. 9.00-де Әуезов ауданы әкімінің аппараты (Алтынсарин даңғылы, 23);
Бостандық ауданы: 14.03.2023 ж. 10.00 №69 мектептің акт залы (Ғабдуллин көшесі, 67);
Жетісу ауданы: 16.03.2023 ж. 15.00-де «Бақытты отбасы» орталығы (Жансүгіров көшесі, 65);
Медеу ауданы: 28.03.2023 ж. 11.00-де №172 мектеп-гимназия (Думан ш/а, Қарашаш көшесі, 15);
Наурызбай ауданы: 27.03.2023 ж. 10.00-де Наурызба ауданы әкімінің аппараты (Шұғыла ш/а, 347);
Түрксіб ауданы: 24.03.202 3ж. 15.00-де «Бақытты отбасы» орталығы (Р.Зорге көшесі, 9).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі цифрлық ведомствомен бірлесіп Отбасының цифрлық картасында...