Алматыда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдер мен әйелдер қоғамдық ұйымдары арасында өткізілген республикалық байқаудың қалалық кезеңі аясында жеңімпаздардың есімдері анықталды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің сайтында Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің бас инспекторы Гүлнар Әмірова айтты.
«Күні кеше 9 аталым бойынша үздік әлеуметтік жобаларды анықтауға бағытталған байқау аяқталды. Оған негізінен жас әрі креативті әйелдер қатысты. Жобалар өте мықты, оларды жүзеге асыру түрлі салаларды әйелдер мен балалардың ойларын жүзеге асыруға көмектеседі», - деп бөлісті Г.Әмірова.
Республикалық жоба әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырып жүрген әйелдер арасында жүргізілді. Алматы қаласы бойынша келесідей бастамашылық жобалар анықталды:
«Үздік IT-жоба» аталымы бойынша 20 ұпайды Шәкенова Анель Оразалиевнаның жобасы – «FINAGERS балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру алаңы»;
«Креативтік индустрия саласындағы үздік жоба» номинациясы бойынша «DeFacto FM» инклюзивті интернет-радиосының ақпараттық порталы» Таубалдинова Гульвира Джаумбаевна – 20 ұпай;
«Жаңа медиа (БАҚ, әлеуметтік желілер) саласындағы үздік жоба» аталымында «FinTech уақыты» - Нұрғалиева Әсем Болатжанқызы – 20 ұпай;
«Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы үздік жоба» аталымы бойынша «Бақытты отбасы» орталығындағы «Іскер ана» жобасы Абитаева Әсия Опашбекқызы – 20 ұпай;
«Инклюзивті даму саласындағы үздік жоба» аталымы бойынша – 2 (екі жоба):
Патологиясы және дамуында кешеуілдеуі бар балаларды инклюзивті бағдарламаларды жүзеге асыруға дайындау. Жобаларды жүзеге асыру арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды инклюзия процесіне дайындау: «Ерте араласу. Мектепке дейінгі инклюзия. 3 жастан 7 жасқа дейінгі психикалық дамуы тежелген балаларға арналған деңгейлік топтар» Майра Мағауянқызы Сүлеева – 20 ұпай;
«Ғылым және инновация саласындағы үздік жоба» аталымы бойынша «№1 Қаржылық сауаттылық мектебінің» «Әйел және ақша» жобасы Брасилова Ақжүніс – 20 ұпай;
«Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенді құқық қорғаушы» аталымы бойынша «Human rights= women rights! қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету» жобасы Ракишева Ләззат Бекмұхамбетқызы – 20 ұпай;
«Үздік әйел – кәсіпорын басшысы» аталымы бойынша Әбдіхалықова Шолпан Асқарқызының жобасы – 20 ұпай;
«Әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы үздік ҮЕҰ» аталымы бойынша «Алматы қаласындағы жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын және репродуктивті құқықтарын қорғау» жобасы Көшкімбаева Гаухар Жақашқызы– 20 ұпай.
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қаладағы «Бақытты отбасы» орталықтарында көп балалы әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған «ISKER ANA» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Сондай-ақ бағдарламаға қатысушыларға құқықтық және консультативтік көмек көрсетіледі.
«Өткен жылы көп балалы және аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамту және жеке кәсібін дамыту мақсатында демеушілер арқылы Әуезов ауданында қолөнер бұйымдары мен азық-түлік өнімдерін сататын 4 сауда нүктесі ашылды», - деді басқарма басшысының орынбасары Қалибек Ақылбеков.
Осылайша, бағдарлама аясында 2613-тен астам адам тұлғалық өсу, көшбасшылық, бизнес және психология бойынша базалық тренингтерді, 2810 адам көп балалы отбасыларға арналған оқыту курстарын аяқтады.
Сонымен қатар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы мен Іскер әйелдер кеңесі құрылып, тілек білдірушілер сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіпкерлік негіздерін меңгере алады.