Алматыдағы шағын және орта бизнестің тең жартысын әйелдер басқарады

Алматыдағы шағын және орта бизнестің тең жартысын әйелдер басқарады

Қазақстандағы ШОБ субьектілерінің 43,5%-ына әйелдер жетекшілік етеді. Ал Алматыдағы шағын және орта бизнестің тең жартысын әйелдер басқарады.
Алматы ӨКП Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығының кеңесшісі Әсел Жалғасқызының айтуынша, Алматыдағы ШОБ субьектілерінің тең жартысы әйелдерге тиесілі. Алып мегаполистегі шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс орындарының 31%-ын және Қазақстан жалпы ішкі өнімінің 14,6%-ын бизнестегі әйелдер қамтамасыз етеді. Жалпы, ел бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 43,5%-ын әйелдер басқарады, ал Алматыда бұл көрсеткіш 50%-ға тең.
«Бүгінде қыз-келіншектер экономиканың барлық дерлік саласында жұмыс істеп, бизнесін өрге дөңгелетіп жүр. Әйтсе де негізгі салалар – сауда, қызмет көрсету, нақтырақ айтқанда, қастан бастап тырнаққа дейін сұлулық индустриясының толық спектрі, қонақүй ісін жүргізу, мектепке дейінгі білім, бастауыш білім беру, сонымен қатар қоғамдық тамақтану бизнесіне ден қойған», - дейді ӨКП Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығының кеңесшісі Әсел Жалғасқызы.
Сондай ақ, жылдан-жылға Алматыда бизнестегі әйелдердің үлес салмағы артып келеді. Мәселен, 2021 жылдың соңына қарай басшы әйелдер тіркелген жеке кәсіпкерлік нысандарының саны бір жылда 9,1%-ға, 625,1 мыңға дейін өсті. Олардың жеке кәсіпкерліктегі жалпы санының үлесі де өсті – бір жылда 47,4%-дан 49%-ға дейін артқан.
Биыл еліміздегі танымал банк әйел кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жылдың 5 пайызбен несиелеуге 1 млрд теңге бөлді. Бұдан бөлек «Бастау Бизнес» жобасы іске асырылуда. Жоба бойынша кәсіпкерлік негіздерін 1 ай оқып, әрі қарай 400 АЕК көлемінде грант алуға болады.
«Бастау Бизнес» оқуына қатысу үшін business.enbek.kz порталында тіркеліп, оқу шарттарына сәйкестікті автоматты тексеруден және оқу шарттарына сәйкестіктен өтуі керек. Шарттарға сәйкес келген қатысушы skills.enbek.kz порталына өтіп, оқуға кірісе алады. Биыл бірінші лекке өтінім қабылдау 20 ақпанда басталып, 10 күнге жалғасты. Айта кетелік, Қазақстандағы ШОБ субьектілерінің 43,5%-ына әйелдер жетекшілік етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...