Бос орындар жәрмеңкесі

Бос орындар жәрмеңкесі

Еліміздің өңірлерінен 20-дан астам ірі жұмыс беруші қатысуға өтінім берген.
29 наурызда Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі өтеді.
Олардың арасында ERG, Polymetal International plc компаниялар тобының кәсіпорындары, "KAZ Minerals" ЖШС, "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС, "АК Алтыналмас" АҚ және басқалары бар.
"Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми хабарламасында.
Іс-шараға қатысу үшін Enbek.Tanda порталының арнайы бөліміне кіріп, жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер туралы ақпаратпен танысу қажет.
Кейін жұмыс іздеушілер қажетті қолжетімді бос жұмыс орындарын таңдап, оларға хабарласа алады.
Жәрмеңке өткізудің мақсаты - жастар мен оқу орындарының түлектері және жұмыс іздеушілер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту, лайықты үміткерлерді тарту арқылы жұмыс берушілер үшін жалдау процесін жеңілдету және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...