Шымкентте 8 мемлекеттік қызметкер жемқорлық үшін сотталды

Шымкентте 8 мемлекеттік қызметкер жемқорлық үшін сотталды

Шымкентте пара алғаны үшін 8 шенеунік сотталды. Олардың барлығы ақшаны алған сәтте ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің айтуынша, мемлекеттік санитарлық инспектор 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Төтенше жағдай режимі кезінде ол базарда азық-түлік өнімдерін кедергісіз сатқаны үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды. 

Сыбайлас жемқорлыққа Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіпкерлік бөлімінің бастығы мен мәдениет басқармасы басшысының орынбасары да қатысты. Жалпы, биыл 20 бизнес субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді. 

«Біз шенеуніктердің кәсіпкерлер қызметіне заңсыз араласқанын көріп отырмыз. Олар түрлі сыйақыларды заңсыз талап ету арқылы тиісті шара қолданбай немесе жалпы қамқорлық көрсеткен. Осы себепті 8 лауазымды тұлғаның қызметін тоқтаттық»,- деді Шымкент қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Жұмағали.

https://azattyq-ruhy.kz/incidents/13042-shymkentte-8-memlekettik-kyzmetker-zhemkorlyk-ushin-sottaldy

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...