Төтенше жағдайлар министрі болып Ильин тағайындалды

Төтенше жағдайлар министрі болып Ильин тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрі болып Юрий Ильин тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын, делінеді жарлықта.

Бұған дейін оның кандидатурасы Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің отырысында келісілген болатын.

9 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы жарлыққа қол қойған.

Ильин Юрий Викторович 1968 жылы Куйбышев қаласында туған.

1989 жылы Алматыдағы И.С.Конев атындағы Жоғары қарулы командалық училищесін "Шынжырлы және доңғалақты көлік құралдарын пайдалану инженері" мамандығы бойынша бітірді, 2006 жылы - Қырғыз мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Еңбек жолы:

- Украинаның Сумск облысының 390 азаматтық қорғаныс курсының оқытушысы (07.1992 – 07.1993);

- Украинаның Сумск облысының 390 азаматтық қорғаныс курсының курс басшысының орынбасары (07.1993 – 08.1996);

- Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқу орталығының аға офицері (08.1996 - 06.1998);

- Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы (06.1998 – 06.1999);

- Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары (06.1999 -03.2005);

- Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары (03.2005 -12.2011);

- Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру бөлімінің бастығы м.а, (12.2011 -01.2012);

- Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру бөлімінің бастығы (01.2012 – 03.2013);

- Алматы қаласы әкімінің орынбасары (03.2013 – 10.2015);

- ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы (10.2015 – 04.2016);

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары (08.04.2016 ж. бастап).

https://kaz.zakon.kz/5039400-t-tenshe-zha-daylar-ministr-bolyp-ilin.html

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түрікменстан, Аваза қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі конференцияны шақыру бастамасын көтергені үшін Түрікменстан Президенті Сердар...

Түрікменстан, Аваза қаласы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін Орталық Азия...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ана мен бала өлімін азайту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды ...

Туркменистан, г Аваза В своем выступлении Президент Касым-Жомарт Токаев поблагодарил Президента Туркменистана Сердара Бердымухамедова за инициативу созвать...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау барысы мен даму болашағы қаралды, деп...