ORDABASY: ЖАСТАРҒА ЗОР МҮМКІНДІК

ORDABASY: ЖАСТАРҒА ЗОР МҮМКІНДІК

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов ауылдық округтердегі кәсібі бар және кәсіп бастағалы жүрген жастармен кездесті.
Жиында кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын
21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға конкурс берілетін (жылдық пайызы 2,5%) микрокредит алудың шарттары, бизнес жоспарды дұрыс дайындау, кепіл мәселесі, өтініш беру үшін құжаттар тізілімі және басқа да тиісті механизмдер кеңінен түсіндірілді.
- Микрокредитті кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредит мерзімінің үштен бірінен аспайды. Бұл жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін зор мүмкіндік. Сондықтан, аталған жобаға белсенді қаьысып, кәсіп бастаңыздар, жасап жатқан кәсіптеріңізді ары қарай дамытыңыздар, - деген аудан басшысы тиісті бөлім басшыларына аталған жобаға қатысуға ниетті жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Өз кезегінде жастар аталған бағдарлама аясында аудан басшысына, сала мамандарына сауалдарын қойып, оларға нақты жауаптар берілді.
Қажет ақпарат:
Микро несие: "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы беріледі.
Негізгі шарттары:
-Микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін
(мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін);
-Микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін;
-Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды;
-Микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ