ТҮЛКІБАС: АУДАН БАСШЫСЫ ШАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ

ТҮЛКІБАС: АУДАН БАСШЫСЫ ШАҚПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Н.Ізтілеуов тиісті мамандармен бірге ауданымыздың шығыс қақпасында орналасқан Шақпақ ауылдық округінде болып, аймақтағы өзекті мәселелермен танысып, ауыл ардагерлерімен кездесті.
Кездесуде ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтжанов Тұрдықұл және аудандық мәслихат депутаты Төлешов Бейбіт ауыл тұрғындары атынан ағын су, ауыз су, ескірген электр бағаналарын жаңарту, жайылым, заманауй спорт мектебі мен емхана соғу, орталық алаңды қоршап абаттандыру, мешіт жанынан соғылған ғимараттан спорттық үйірмелер ашу сынды мәселелерді көтерді.
Аудан басшысы әр мәселені сол жерде тиісті мамандармен бірге жеке-жеке талдап, жауап берді.
Атап айтсақ, емхана соғу мәселесі келесі жылға жоспарда тұр. Оған тиісті жерде қарастырылған. Бүгінгі таңда құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, орталық алаңды қоршау мәселесін бюджет арқылы шешу жағын қарастыратындығын айтып, ішін абаттандыру мәселесін ауыл әкіміне демеушілер есебінен шешуді тапсырды. Мешіт жанынан соғылған нысаннан спорттық үйірмелер ашу мәселесіне де қолдау көрсететіндігін жеткізді. Қалған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына толық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов авиация саласын дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Президенттің Қазақстанның авиациялық хаб ретіндегі рөлін...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту және денсаулық сақтау мекемелеріндегі...