ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ МАШАТТАҒЫ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮЛКІБАС: АУДАН ӘКІМІ МАШАТТАҒЫ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев Састөбе кентіне қарасты Ынтымақ және Машат ауылдық округінде болып, аймақтағы өзекті мәселелермен танысып, халықпен кездесті.
Аталған елді мекен мен округте түйіні шешілмей тұрған мәселенің бірі ағын су мәселесі болып тұр.
Тіршілік нәрін ертеректе жеке меншікке өтіп кеткен Жиынбай каналынан алып жүрген шаруалар мен тұрғындар бүгінде каналды мемлекет игілігіне қайтаруды талап етуде.
Аудан басшысы жалпы 2 мың гектар шаруа қожалықтар жері мен 500 ден астам үй іргелік жерді ағын сумен қамтып отырған су нысанын қайтару бойынша Заң талаптарына сай жұмыстар атқарылатынын жеткізіп, бүгінгі таңда халықты ағын сумен қамту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілетін атап өтті. Атап айтсақ, демеушілер және жергілікті әкімдік күшімен ағын суды тиісті участіктерге жеткізу мақсатында нысанның кейбір тұстарын бетондау және битумдау жұмыстары жүргізілетінін айтты. Тиісті орынбасары мен ауыл әкімдеріне бұл жұмыстарды аяқтап, халықты ағын сумен қамтуға он бес күн мерзім белгілеп берді.
Бұдан бөлек кездесуде тұрғындар тарапынан ауыз су, жол, көше жарық шамдарын орнату, жайылым, Арыс өзенінің арнасын бекіту, ауыл атауын өзгерту және білім мен медицина саласына қатысты мәселелер көтеріліп, аудан әкімі тарапынан назарға алынды.
Кездесуден соң Нұржан Жақсылықұлы жауапты мамандармен бірге өзекті мәселелер көтерілген учаскілерді аралап, проблеманы шешу мақсатында сол жерде талқылау жұмыстары жүргізілді.
Жауапты мамандарға аталған аймақта көтерілген барлық мәселені толық зерделеп, нақты ұсыныстар дайындауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ