Елордалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 30 тонна балық пен балық өнімдері әкелінді

Елордалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 30 тонна балық пен балық өнімдері әкелінді

Аграршылар 540 тонна өнім әкелді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты

Нұр-Сұлтандағы «Хан Шатыр» СОО алаңында Ақтөбе және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Олар 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық және балық өнімдері, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 30 тонна басқа да өнімдер әкелді. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% төмен. 

«Қызылорда облысынан 70 өндіруші елордаға Арал тұқы, көксерке, Шиелі қауыны мен қарбызы, Қазалы кәмпиттері мен басқа да өнімдерді әкелді. Олардың арасында алыпсатарлар жоқ. Егістіктерден сөрелерге дейін тек экологиялық таза өнім келіп түседі. Тауарларды тасымалдау кезінде барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталады», - деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев. 

Айта кетейік, жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысуда. Келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы керек. Маска киюді және антисептиктерді қолдануды ұмытпаңыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...