САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ

Бүгін аудан әкімі Арман Айдарұлы Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекеніне арнайы барып, АШЫҚ форматта тұрғындармен еркін кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында аудан басшысы өткен кездесуде көтерілген 8 өзекті мәселе жол картасына енгізілгенін айтып, оларға жеке-жеке тоқталып өтті. Атап айтсақ, елді мекен тұрғындарын табиғи газ және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолға асфальт төсеу, жайылым жер, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі және тұрғын үйлерді заңдастыру, электр энергиясымен қамтамасыз ету, мәселелері бойынша алдағы атқарылатын жоспарларымен бөлісті.
Кездесу соңында, ауыл тұрғындары өздерімен ашық сұхбаттасуға келген аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалы алдағы жоспарланған жұмыстарына ақ батасын берді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...