САРЫАҒАШ: БАСТЫ МАҚСАТ –ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ

САРЫАҒАШ: БАСТЫ МАҚСАТ –ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН АРТТЫРУ

Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кезекті кездесуі Құркелес ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында аудан басшысы наурыз айында өткен кездесуде көтерілген мәселелерге қысқаша тоқталып, атқарылған жұмыстармен бөлісіп, ауыл тұрғындарымен бірге өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады.
– Жергілікті атқарушы биліктің басты мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен сапалы білім, медициналық көмек және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Міне, бүгін өздеріңізбен жүздесіп, аудандағы көкейкесті мәселелерді бірге талқылап, оның шешу жолдарын қарастыру үшін кездесуге келіп отырмын, – деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Еркін форматта өткен кездесуде тұрғындар жолға асфальт төсеу, электр энергиясы және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру, заңсыз қазылған орларды жабу, тұрғын үйлерді құжаттандыру, мобильді интернет, заңсыз қоршалған жерлерді ортақ мал жайылымына беру, жол кедергілерін орнату туралы мәселелерді көтерді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынның сұрағын жауапсыз қалдырмай, барлық сұраққа жеке жеке тоқталып, заң аясында жауап берді.
Жиыннан соң ауыл жұрты жеке мәселелері бойынша әкім қабылдауында болып, түйіткілді мәселелердің түйіні тарқатылды, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада осы күндері ТМД елдері мен жақын шет мемлекеттерден жетекші медициналық сарапшылар, танымал клиницистер, зерттеушілер мен профессорлар...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп...

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін...