Күннің екінші жартысында аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Алдымен өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша осы күнге дейін атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
-Өздеріңізбен арнайы кездесуге келіп отырмын. Мақсат – тұрғындардың өтініші мен ұсыныстарын тыңдау, өткір мәселелерді талқылау. Ауыл тұрғындарының өмір сүруіне барынша қолайлы жағдай жасау. Атқарушы билік ретінде қолдан келгенше жұмысты ұйымдастырамыз, барынша қолдау сіздерден,-деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан аудан басшысына ағын су, қоқыс тазалау, жолға асфальт төсеу, мектепті күрделі жөндеуден өткізу, оқушылар тасымалы, таза ауыз су және электр энергиясымен қамтамасыз ету, дәрігерлік амбулатория салу, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беру, көше атауын өзгерту, мәселелері бойынша сұрақтар қойылып, заңға сәйкес тиісті жауаптар берілді.
Кездесуден кейін, аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назарға алынып, алдағы уақытта заңға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.