Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев Оранғай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы I тоқсанның қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуына тоқталды. 2023 жылдың 1 cәуіріне жалпы аудандық бюджет кірістері 145 пайызға орындалып, 180,0 млн. теңге жоспардан артық орындалған. Ауданға 6 млрд. 428,9 млн. теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 198,6%-ды құрады. Көрсеткіш облыс бойынша үшінші орынға тұрақтаған.
Қаңтар айындағы есепті кездесу кезінде ауыл тұрғындары тарапынан маңызды 12 мәселе көтерілген. Оның бірі Оранғай елді мекеніндегі құрылысы аяқталмаған мектепті пайдалануға берілсе деген ұсыныс айтылған. Нәтижесінде 150 орындық мектеп құрылысын 2023 жылы қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Қаржы толық қаралған. Жалпы қаржысы 716 650 мың теңге.
Мұнан өзге елді мекендердегі электр бағаналары ескіргенін алға тартты. Жергілікті бюджеттен, Түркістан және Бейбітшілік көшелеріне 2 дана трансформатор орнатуға қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны- 4,3 млн. теңге. Түркістан - Кентау тас жолында Бостандық ауылы, Құсшы ата көшесіне бұрылу үшін, көлік жүруіне ынғайлы етіп, сызылған екі жолақты ашып беруін сұрады. Түркістан-Кентау автомобиль жолы облыстық маңызы бар автомобиль жолы болғандықтан, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолданып, алдағы уақытта полиция ұйғарымына сәйкес, ашылатын болды.
Кездесу соңында аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев әрбір тұрғынның талап-тілектері ескерілетінін, шешімін таппаған мәселелер бюджетке байланысты кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді, деп хабарлайды Сауран ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.