СОЗАҚ: ТАУКЕНТ КЕНТІНДЕ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

СОЗАҚ: ТАУКЕНТ КЕНТІНДЕ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылы Таукент кент округінде тұрғындар сұранысына орай бірқатар жұмыстар атқарылуда. Кент округте 11 көше жарықтандыру жұмыстарымен қамтылады. Атап айтсақ, Жыныс ата, Мыңжылқы, Мәңгілік ел, Болашақ, Тұран, Қаратау, Қ.Сәтбаев, Е.Ерімбетов, Бәйтерек көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүретін болады. Демеушілер есебінен Геологтар, Бейбітшілік, Тәуелсіздік көшелерінде қамту жоспарлануда. Бұдан бөлек Таукент кентіндегі Гелогтар көшесіне дейінгі арақашықтыққа жаяу жүргіншілер жолы салынып, «Орталық» саябақ пен кент ішіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жарықшамдар қойылады. Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кент округі тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.
Жиын барысында тұрғындар аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды тыңдап, келелі жоспарлардан хабардар болды. Жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, кент округті көркейту, көгалдандыру мақсатында бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Аудан басшысы алдарыңызға келудегі басты мақсатымыз туындаған сұрақтарды ашық түрде талқылап, алдағы атқарылар жұмыстарды пысықтап алу екенін айтты.
Айтылған мәселенің маңыздылығын ескеріп, келелі күнге ұтымды ұсыныстарын айтып өтті. Бұл жөнінде сала мамандарына қолға алатын мәселені жан-жақты жеткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент тапсырмасын орындау аясында мемлекетке заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру...