СОЗАҚ: ҚАРАҚҰРДА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

СОЗАҚ: ҚАРАҚҰРДА ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН ЖҰМЫСТАР КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қарақұр ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кезекті кездесуін өткізді. Онда халық игілігі үшін жасалатын мәселелерді кеңінен талқылап, биылғы жылда атқарылар жұмыстарды баяндады.
–Бүгін міне сіздердің мұң- мұқтаждарыңызды тыңдап, шешу жолын қарастыру үшін келіп отырмыз. Бұған дейін де бірнеше мәрте кездесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, қажетті жұмыстарды атқардық. Өткен жолғы кездесуде көтерілген мәселелер жөнінде тиісті жұмыстар атқарылды. Б.Батырбекова көшесіне көше жарықтандыруы жүргізіліп, іске қосылса, Наурыз және Құрманғазы көшелеріне көше жарықтандыруын жүргізу үшін жобалық сметасы әзірленіп, тиісті жұмыстары атқарылуда. Раң елді мекенінің атауы жоқ №1 көшесіне, Шаға елді мекенінің Шаға көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мұнан бөлек Қарақұр ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратын салу үшін жер тілімі анықталып, сұраныстарыңызға орай жобалаушы мекеме тарапынан жобалық сметалық құжаттамаларына түзетулер енгізілуде. Жеке мәселесімен келген тұрғындарға да тиісті көмектер берілуде. Әрине, ауыл округті кешенді дамыту мақсатында басқада жасалу қажет жұмыстар бар. Тек мұндағы емес, жалпы аудан бойынша жасалу керек мәселелер маған етене таныс. Барлығын бір жылда атқара салу мүмкін емес, кезең-кезеңімен шешу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз деді,-аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Тұрғындар аудан әкімдігі тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, келелі уақытқа ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бірқатарын жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Ондағы айтылған мәселелерді толықтай назарға алынғанын айтып, жауапты мамандарға шешу жолдарын ұсынып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Есептік жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...