Трамп жылдар бойы салық төлемеді - NYT

Трамп жылдар бойы салық төлемеді - NYT

АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы он жылда федералды табыс салығын төлемеді, - деп хабарлайды The  New York Times газеті салық декларацияларына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, Трамп 2016 жылы президент болған кезде 750 доллар табыс салығын төлеген. 2017 жылы да осы соманы төлеген.

"Ол табыс салығын соңғы 15 жылдың онында төлемеген - өзінің хабарлауынша, оның табысына қарағанда шығыны көп", - деп жазды басылым.

NYT мәліметінше, ол үнемі айтатын кәсіпорындардың шығыны оны табыс салығын төлеуден айтарлықтай босатады. Президентті Trump National Doral Miami курорты мен Вашингтондағы Trump International Hotel қонақүйі шығынға батырған.

Трамптың өзі  NYT ақпаратын жалған деді.

"Бұлардың бәрі - фейк жаңалық. Мен салық төлеймін", - деді ол.

Trump Organization қорғаушысы Алан Гартеннің айтуынша, "фактілердің көбі, барлығы дерлік нақты емес". Ол президент соңғы он жылда үкіметкен ондаға миллион жеке салық төлегенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...