ТҮРКІСТАН - САУРАН: ШАҒА АУЫЛЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ТҮРКІСТАН - САУРАН: ШАҒА АУЫЛЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

"AMANAT" партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен Шаға ауылында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Сүлейменов Баймахан Тоймаханұлы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға Шаға ауылының тұрғындары, "AMANAT" партиясы Сауран аудандық филиалы төрағасы С.Асылбеков, Шаға ауылының әкімі А.Наримбетов қатысты.
Қабылдауға келген Шаға ауылының тұрғыны А.Оңалбеков Шаға ауылы, Ынтымақ елді мекені облыс орталығына ең жақын ауыл бола тұра қоғамдық көліктер ауыл ішіне кірмейтіндігін айтып N10-шы бағыттағы автобус ауыл ішінен жүрсе, қазіргі ауыл ішінде тұрғындарға қызмет көрсетіп жүрген N30-шы бағыттағы автобус тоқтайтын, тұрғындар қоғамдық көлік келгенше күтіп отыратын аялдамалар салынса деген ұсынысын жеткізді.
Қабылдауға келген ауыл тұрғыны М.Әлім өзі қоғамдық ақылы жұмыспен қызмет жасайтындығын, алайда жалақысы бар жоғы 70 мың теңгеге көлемінде ғана екендігін, күнделікті қажеттіліктерге жетпейтіндігін айтып, жалақы мөлшерін арттыруға қолдау көрсетуді өтінді. Қабылдауға келген келесі тұрғын Н.Бекбергенова ауылдағы тазалалық мәселесіне тоқталды. Қоқыс салатын арнайы жәшіктер қойылып, тұрғындардың қоқыстарын аптасына ең болмағанда екі рет жинап әкететін арнайы техникалармен қамтамасыз етілсе деген өтінішін білдірді. Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Ф.Ақылбеков болса өзінің шаруа қожалығында 1 мыңға жуық мал басы барын, алайда сол малдарын жаятын ауылда ортақ жайылымдық жерлердің жоқтығын жеткізді. Ауыл тұрғыны Н.Әмірбек ауылдағы шаруаларға ағын су жетіспейтіндігін, жайылымда жүрген малдарын суғаруға су таппай қиналып отырған шаруалардың өзекті мәселелерін көтерді. Сондай-ақ жазғы мезгілде ауыз ауылға толық жетпейтіндігін айтып, аталған мәселені шешіп беруді өтінді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары Н.Анарбаев, Г.Қалдыбаевалар кезінде Түркістан облыс орталығы болуына орай 144 тұрғынның пайдалануындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекеттік мұқтаждыққа орай кері қайтарылғанын, алайда осы күнге дейін заңда көрсетілген тең көлемде жерлерін өтеп беру шаралары атқарылмай жатқандығын жеткізді. Сонымен бірге ең өзекті мәселелердің бірі тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегінде 4 мыңға жуық азаматтар жылдап тұрғандарын, осы мәселені шешуге ықпал етуін сұрады.
Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған Баймахан Тоймаханұлы тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселеге жеке тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әрбір көтерілген мәселе қараусыз қалмайтындығын, арнайы бақылауға алынып, заң аясында қарап, қабылданған шешімдер бойынша қосымша хабарлайтындығын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысына Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау...

Ресей, Ленинград облысы Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының...