Тұрғындардың арыз-өтініштері мен мәселелерінің оң шешімін табуы үшін Түркістан облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары айтарлықтай жұмыстар атқаруда. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық және аудандық, қалалық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне азаматтар сан түрлі өтініштермен келіп, партияның ықпалымен оң шешімін табуда.
Мәселен, "AMANAT" партиясы Сайрам аудандық депутаты Бекжан Алимжанов сайлау науқанында Құтарыс ауылдық округінің тұрғындарына сайлауалды бағдарламаларын таныстыру кезінде ауыл тұрғындарының көтерген негізгі мәселесі Оймауыт елді мекенінің 5,4 км жолдардағы ойылған жерлерін жөндеу болатын. Сайлауалды бағдарламасына сәйкес, депутатымыз өз демеушілігімен Оймауыт ауылындағы ойық жерлерді ауыл жастарымен бірге асарлатып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оймауыт ауылының ауызбіршілігі, ынтымақтастығы, ауылына деген сүйіспеншілігі, бауырмашылдығы, кез келген жағдайда ұйымдасып жұмыс атқаратын ел екендігін көрсете білді.
Сарыағаш ауданы Ақжар БПҰ қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен Сарыағаш аудандық маслихат депутаты, фракция мүшесі Ш.Ибрагимовтың жеке қоғамдық қабылдауына Ақжар ауылдық кітапхана басшысы кітап қоятын сөрелердің тозығы жетіп, жаңартып беруге көмек қажеттігі жөнінде өтінішін білдірді. Келіп түскен өтініші бойынша Ақжар ауылдық кітапхананың жағдайымен танысып, демеушік жасап жаңа кітап сөресін жасап берді. Қазіргі таңда Ақжар ауылдық кітапханасына жаңа сөре қойылды.
"AMANAT" партиясы Төлеби аудандық филиалына Киелітас ауылдық округінің тұрғындары А.Төреханов, А.Дурсунов Киелітас ауылына сапалы интернет желісін тарту бойынша өтініш білдірген болатын. Өтініш иесінің мәселесін шешу мақсатында Төлеби аудандық мәслихат депутаты Жабаев Ерболат Көшербайұлының жеке қабылдауына шақырылып, мәселесі зерделенді. Нәтижесінде, аудандық мәслихат депутаты Е.Жабаев «КсеІІ» АҚ компаниясының қызметкерлерімен хабарласып интернет желісін қосуға көмек берілді. Өтініші қанағаттандырылғаннан соң Киелітас елді мекені тұрғыны А.Төреханов "AMANAT" партиясы Төлеби аудандық филиалына және Төлеби аудандық мәслихат депутаты Жабаев Ерболат Көшербайұлына алғысын білдірді.