Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 6 801 жеке секторлы үй, 2 мектеп, 3 балабақша және 3 спорт алаңшасы орналасқан.
Самал-3 шағын ауданында 63 көшенің қазір 30-ы асфальтталған, 30-ына шағал тас төселген болса, үшеуі топырақ жол. Айта кетейік, 2025 жылға қарай шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Мәселен, өткен 2022 жылы Б.Момышұлы көшесінің жалғасы 1,2,3,4, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын көшелері жөнделген. Биыл 15 көше жөнделеді деп күтілуде, сондықтан көрсеткіш 49 пайызды қамтиды.
Ал 2024 жылы 8 көше, 2025 жылы 10 көше жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады.
Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ.
Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған.
Төменде 2023 жылы Самал-3 шағын ауданында жөнделетін көшелер тізімі:
1.Ұлы дала көшесі;
2. Юсупов көшесі;
3.Алпамыс көшесі;
4. Ерназаров көшесі;
5. Манас көшесі;
6. Алмалы бақ көшесі;
7. Қазақ ордасы көшесі;
8. Мәңгілік ел көшесі;
9. Тыңдала көшесі;
10. Қобыланды көшесі;
11. Самал жел көшесі;
12. Құс жолы көшесі;
13. Бесқарағай көшесі;
14. Келес көшесі көшесі;
15. Тамшыбұлақ көшесі.
Қаратау ауданында жол құрылысын дамыту мақсатында ауқымды жобалар қолға алынған. Былтыр ауданда 86 шақырым жол асфальталып, 40 шақырымына шағал тас төселген болса, биыл 2023 жылы 70 көше асфальтталады. Сондай-ақ, 38 көшеге шағал тас төселеді. Айта кетейік, аудан аумағындағы 2023 жылдың жол құрылысы жұмыстарына 2,2 млрд.теңге, аяқ жол салуға 200 млн.теңге қаралған.
Жалпы 2021-2025 жылдар аралығында Қаратау ауданы бойынша ұзындығы 441 шақырымды құрайтын 466 көше асфальтталады деп күтілуде.
Айта кетейік, Қатынкөпір шағын ауданындағы 107 көшенің қазір 70-і асфальтталған болса, 37 көшеге шағал тас төселген. Шағын аудан көшелерін 2025 жылға дейін толық асфальттау жоспарлануда. Мәселен, былтыр Күмісқазық көшесі жөндеуден өтіп, Спатаев, Ирисмет Ата, А.Яссауи көшелері жарықтандырылды.
Келесі 2024 жылы 19 көшеге асфальт жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Ал 2025 жылы 18 көшеге асфальт төселсе, Қатынкөпір шағын ауданының көшелерді асфальтпен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді.