ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 3 МЛН КАРТОН ҚОРАБЫ МЕН МЕН 10 МЫҢ ТОННА КРАФТ ҚАҒАЗЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 3 МЛН КАРТОН ҚОРАБЫ МЕН МЕН 10 МЫҢ ТОННА КРАФТ ҚАҒАЗЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Shymkent Qagazy» ЖШС жылына 3 млн картон қорабын және 10 мың тонна крафт қағазын шығаруда. Қазір шымкенттік тауарлар еліміздің барлық аймақтарына жөнелтілуде. Макулатура автоматтандырылған қондырғылардың көмегімен өңделеді. Осыдан үш жыл бұрын іске қосылған кәсіпорын өнімдеріне сұраныс артып отыр. Алдағы уақытта серіктестік жаңа бағыттарды іске қосып, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлауда. Бұл желілер жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» АЭА-да аймақтағы жалғыз 3 және 5 қабатты гофрленген картон өндіруші «KazbioLife» ЖШС кәсіпорны орналасқан. Өндірістік қуаты жылына 60 млн. шаршы метр гофрленген картон және картоннан қаптама қораптарын құрайды. Қазіргі таңда кәсіпорын өндірісті кеңейту мақсатында екінші жобасын іске асыруда.
Бүгінде «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында инвестиция көлемі 58,4 млрд. теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.
Қолайлы инфрақұрылым мен заманауи логистика тың жобаларды іске асыруға мүмкіндік беруде.
Сондай-ақ, аумағы 867 гектарды құрайтын 5 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылуда. Нәтижесінде, инвестиция көлемі 398 млрд. теңгені құрайтын 271 жоба іске асырылатын болады.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылғы қаңтар айында 70,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға артты. Бұл көрсеткіште Шымкент қаласы республикада 7 орынды иеленеді.
Өңдеу өнеркәсібінде 57,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға өскен. Бұл бағытта мегаполис елімізде 8 орында тұр. 225 гектарды алып жатқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы қалада тоқыма өнеркәсібін дамыту, отандық мақтаны тұтыну үлесін арттыру мақсатында құрылған. Бүгінгі таңда аймақта 35 жоба іске асырылып, 2 жарым мыңнан астам тұрғын жұмыс істеуде. Аймақта өндірілетін өнімнің жартысына жуығы шетелдерге экспортталады.
Еске салар болсақ Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың алдыңғы отырысында өңірлік брендті дамытуда маңызды жобалар мен олардың өзекті мәселелері талқыланды. Жеке кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысқан жиында негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалуы және алдағы жоспарлар баяндалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...