Шымкент қалалық Тұран ауданы аумағындағы орталық көшелер бойындағы 300-ге тарта қоқыс жәшіктері жаңартылуда. Қазіргі уақытта Қонаев, Республика даңғылы, Мангельдин көшесі, Байтұрсынов көшесі мен Асқаров, Момышұлы көшесіндегі қоқыс жәшіктері жаңартылды. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар Темірлан тас жолы мен Республика даңғылында жалғасатын болады.
Бүгінде қаладағы шағын аудандарға жаңа қоқыс контейнерлері қойылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған жәшіктер заманауи үлгіге сай. Соның ішінде Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы аумағы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшалары және онда 1037 қоқыс контейнерлері орналасқан.
Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшасындағы, басты және ішкі орам көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен айналысатын 2 мекеме - «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і және «Арнаулыавтокөлік» ЖШС-і жұмыс істейді.
Қазір «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС-і қоқыс алаңшаларында санитарлық талаптарды сақтау мақсатында арнайы химиямен жуу, хлорлау, дезинфекция жұмыстарын жүргізуде.
Елімізде болып жатқан саяси жаңғырулар енді экономикалық өзгерістерге ұласпақ. Президентіміз өз Жолдауында экономикалық дамдуың нақты бес бағдарын айқындап, дамудың даңғыл жолын көрсетті. Жолдауда ««Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деп айтып өткен болатын.
Тұран ауданында қала көркін қашыратын қолданыстағы қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмыстары басталды. Бүгін жоспар бойынша бұл жұмыстар Қонаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінде жүргізілді.
Алдағы күндері Асқаров, Момышұлы, Мангельдин көшелеріне мен Республика, Рысқұлов даңғылдарына, Темірлан тас жолы бойына заманауи талапқа сай 300 жаңа қоқыс жәшігі орнатылатын болады.