ШЫМКЕНТ ЕМХАНАЛАРЫНА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ ЕМХАНАЛАРЫНА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ОРТАЛЫҒЫ ЖОБАСЫ ЕНГІЗІЛУДЕ

Жаңа жобаның мақсаты - науқастарға сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Жоба аясында әр отбасыдағы әлеуметтік проблемалар назарға алынып, дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік жағдай, ішімдікке салыну, отбасындағы психикалық жағдайларға қатысты туындаған проблемаларды шешу арқылы пациентке қолдау көрсетіледі. Бүгін «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының өкілдері денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбековпен бірге жергілікті емханаларды аралап, тәжірибелер орталығы моделін бастапқы медициналық-санитариялық емдеу мекемелеріне енгізу барысын талқылады.
Жоспар бойынша, биыл үздік тәжірибе орталығы жобасы №1, №3, №6, №7 қалалық емханаларында енгізілетін болады. Емханалардың бас дәрігерлері арнайы оқудан өтіп, кәсіби біліктілігін шыңдайды. Алдағы уақытта жаңа жобаны өзге де мемлекеттік және жекеменшік емдеу орталықтарына да енгізу жоспарлануда.
Тұран ауданы Құрсай шағынауданында 20 мыңнан аса халық бар. Шағын ауданда медициналық қызмет тапшылығын жою мақсатында тәулігіне 450 адамды қабылдайтын жаңа емхана құрылысы жүріп жатыр. Жеке инвестордың қаражатымен тұрғызылатын емхана келесі жылы қолданысқа беріледі.
Айта кетейік, қалада медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, қызмет сапасын арттыру үшін инвестициялық жобалар тартылуда. Яғни, денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес 1 емхананың қызмет көрсету шкаласы 30 мың тұрғыннан аспауы тиіс. Қаладағы 45 емхананың қамту көрсеткіші орта есеппен 26 мың тұрғынды құрайды. Алдағы уақытта пациенттерге көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында бұл статистиканы 24 мыңға тұрғынға дейін түсіру межеленген.
Сондықтан 2025 жылға дейін мегаполис тұрғындарына 6 емхана салу қажет етіледі. Осы орайда емхана санын көбейту көзделіп, инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде.
Қалада медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, қызмет сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Денсаулық сақтау ұйымдарына бекітілген талапқа сай әр емханаға 30 мың тұрғыннан бөлінуі тиіс.
Қаладағы 45 емхананың әрқайсысының орташа есеппен қамту көрсеткіші 26 мың тұрғынды құрайды. Алдағы уақытта жұмыс сапасын арттыру үшін бұл көрсеткішті 24 мың тұрғынға азайту көзделген.
Жоспар бойынша 2025 жылға дейін қалада 6 емхананың қажеттілігі туындайды. Нысандар құрылысына инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен 2025 жылға дейін 200 төсек-орынды перзентхана салынады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...