ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ 1, 36 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН 4 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ 1, 36 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН 4 ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУДА

Инвестиция жалпы, елдің экономикалық өсу қарқынын анықтай отырып, әлеуметтік-экономикалық салаларға, түптеп келгенде халықтың әл-ауқатының артып, тұрмысының көтерілуіне оң әсер етеді. Инвестицияның артуымен Шымкентте құрылыс, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ индустриясы, туризм және басқа да салалар қарқынды дамып келеді.
Еліміз көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, сауда-саттық, қауіпсіздік және басқа да өзекті мәселелер бойынша оңтайлы саясат жүргізіп келеді. Осы орайда елімізбен іргелес жатқан Қытай мемлекеті мен арадағы байланыстың маңызды екені анық көрінеді. Өйткені, әлемдік экономикадағы жетекші орынға ие бұл елмен орнатылған қарым-қатынас ерекше мәнге ие.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Шымкент еліміздің кәсіпкерлік және индустриалды орталығына айналып үлгерді. Қаламыз отандық, шетелдік бизнес өкілдерінің қызығушылығын арттыруда. Шымкент аумағында Қытай инвесторларының қатысуымен 1,36 млрд. АҚШ долларын құрайтын 4 жоба жүзеге асырырылуда. Олардың ішінде ауқымдысы - Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасы. Бұл жобаның құны 1,3 млрд.АҚШ долларын құрайды. 2018 жылы пайдалануға берілген зауытта 380 адам адам жұмыс істейді.
Ал бекіткіш бұйымдар өндірісімен айналысатын «Шымкент крепеж» жобасының құны 3 млн.АҚШ долларды құрайды. 2018 жылы іске қосылған зауытта қазір 40 адам жұмыс істейді.
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында 2023-2027 жылдары жүзеге асырылатын 227 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Инвестициялық ресурстардың өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау жұмыстары жүргізілетін болады.
Жобалардың жалпы құны 1,7 трлн.теңгені құрайды және жаңадан 18 мыңнан аса жұмыс орындары ашылады.
Оның ішінде 2023 жылы құны 129 миллиард теңгені құрайтын 49 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 84,8 млрд. теңгеге келіссөздер жүргізіліп, даму стратегиясы нақтыланған инвестициялық жобалар тартылған.
Шымкентте келесі жылдан бастап жылына 80 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталмақ. Нәтижесінде 250 азамат жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штаб отырысында айтылды.
Шаһар басшысы үшінші мегаполистің импортқа тәуелділігін азайтып, экспортты көбейту бағытында инвестиция тартуды жалғастыра беретінін, сол арқылы жаңадан ашылған жұмыс орындарының қатары көптеп артанын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...