2023 жылдың жаз айында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аз қамтылған отбасының балаларына қала сыртындағы жазғы сайықтыру лагерлеріне тегін жолдама беріледі. Қазіргі таңда мектептерде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы Шымкентте 154 270 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 64,8 пайызын қамтиды. Оның ішінде 16 715 –і қала сыртындағы, 137 555-і мектеп жанындағы лагерьлерде демалатын болады.
Балаларды сауықтыру, жетілдіру, дамыту және бос уақытын тиімді өткізу мақсатында қала сыртындағы лагерьлерде демалдыру үшін қала бюджетінен 308,5 млн. теңге қаралған. Оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.
Аталған қаржыға жалпы орта мектептерінен аз қамтылған 7 241 бала (85%), балалар үйінің 121 баласы (100%) және ерекше білім беру қажеттілігі бар 1 553 баласы (56%) қала сыртындағы лагерьлерде демалатын болады.
Еске салар болсақ, 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай цирк өнерпаздары зоосаябақты думанды атмосфераға бөленген болатын. Қаладағы зоосаябақта «Шымкент-Цирктің» артистік бригадасы «Африка» павильоны маңындағы алаңда бірнеше дүркін ойын көрсетуде. ҚР мәдениет саласының үздігі Н.Ефименконы, эквилибр шебері И.Рахманқұловты, М.Брагин, Б.Ережепов, А.Мәркен сынды жонглерлық өнер шеберлерін, 5-6 орындықты қалап, төбесінде өнер көрсететін А.Тоғайбекті, жарқын клоун А.Абдразақты жас көрермендер ду қол шапалақпен сахнаға шақырды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Бағдарлама номерлері көрермендердің көңілін көтеріп, мерекелік эмоция, асқақ шабыт сыйлады.
Ал Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры бұл күні орталық саябақта балаларға арнап «Туған күн» атты қойылымын ұсынды. Көрерменіне қуаныш пен таңқаларлық сезім сыйлауда ізденісте жүретін театр ұжымының бүгінгі саябақта өнер көрсетулері де ерек. М.Абайділданың шығармасы желісінде сахналанған спектакль жануарлар арқылы балаларды отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелейді.
Ашық аспан астында қойылған қойылым көрермендері саябақтың кішкентай бүлдіршіндері болды. Театр басшысы Самат Алтайдың айтуынша, өнер ордасы осылай қала саябақтарында жиі қойылым қояды.
Айта кетейік, театр бүгін Арбат демалыс аймағында да балаларға өнер көрсететін болады.