ШАХМАТТАН ЛИГА ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ШАХМАТТАН ЛИГА ЧЕМПИОНДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Әлемде шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі болып саналады. Спорт түрінің “Шымкент жастар лигасына» енгізілуі мектеп оқушыларының шахматқа қызығушылығын арттыруда. Лиганың 3-кезеңінде шахмат ойындарына 132 команда қатысты. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің шахматшылары топ жарып, Лига чемпионы атанды. Жүлделі 2 орын - 65 мектепке, 3 орын - 68 мектепке бұйырды.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштері алдыңғы қатарда. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 млн. теңге қаржы бағытталды. Аталған бағдарлама бойынша қазіргі таңда 113 кәсіпкер жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында жалпы 217 секциядан тұратын 20 спорт түрімен 19 333 бала тұрақты шұғылдануда. Сонымен қатар, 338 жаттықтырушы және 200-ге жуық қызметкер жұмыспен қамтылған.
Сондай ақ басқарма қарамағындағы 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс жасайды. Осы спорт мекемелерінде 18 242 спортшымен 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен 2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында «Шымкент жастар лигасы» өтуде. Сайысқа 526 командадан тұратын 6240 бала қатысуда.
Еске салар болсақ, 2021 жылы өткен Халықаралық Шахмат Федерациясының президенті (ФИДЕ) Аркадий Дворкович Шымкент қаласына арнайы сәлемхат жолдаған болатын. Ол Шымкентте 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қатысушылары мен ұйымдастырушыларына ыстық ықыласын жолдаған.
«Биылғы (2021 жылы) турнир Сіздерде өтіп, шахматтан жаңа жас таланттарды анықтағанына сенімдімін және Шымкент – елдің шахмат астаналарының бірі атануға құқылы екенін тағы да дәлелдеді» ,- деп атап өткен хатта.
Сондай-ақ, ФИДЕ президенті жарысты өткізгені үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке және чемпионаттың демеушілеріне алғысын білдірген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...