“Шымкент жастар лигасының” 3-кезеңінде волейбол ойындарына 129 команда қатысты. Финалдық ойындар тартысты өті. Командалар арасында А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының волейболшылары топ жарып, чемпион атанды. Жүлделі 2 орын - №113 мектепке, 3 орын - 110 мектепке бұйырды.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштері алдыңғы қатарда. Бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323 млн. теңге қаржы бағытталды. Аталған бағдарлама бойынша қазіргі таңда 113 кәсіпкер жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында жалпы 217 секциядан тұратын 20 спорт түрімен 19 333 бала тұрақты шұғылдануда. Сонымен қатар, 338 жаттықтырушы және 200-ге жуық қызметкер жұмыспен қамтылған.
Сондай ақ басқарма қарамағындағы 29 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және мемлекеттік жекешелік-әріптестік аясында 5 спорт нысаны жұмыс жасайды. Осы спорт мекемелерінде 18 242 спортшымен 906 жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қала мектептері арасында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат спорт түрлерінен 2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында «Шымкент жастар лигасы» өтуде. Сайысқа 526 командадан тұратын 6240 бала қатысуда.
Елімізде орта буын медицина қызметкерлерін даярлау ісінде тоқсан жыл бойы үздіксіз білім беріп келе жатқан Шымкент жоғары медициналық колледжінің ғимараты биыл арнайы спорт залмен қамтылады.
Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында басталып, қазіргі таңда өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Нысанды салудың мақсаты – медициналық колледж студенттерін баскетбол мен волейбол ойнауға арналған спортзалмен қамтамасыз ету болып табылады. Ғимарат 2 қабатты әкімшілік тұрмыстық корпустан тұрады. Спортзал аумағы 552,2 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатта асхана, киім ауыстыру бөлмелері болса, екінші қабатта фитнес зал және оқу кабинеттері қарастырылған.