“ЖАС МАМАН - 2023” БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

“ЖАС МАМАН - 2023” БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығы мен Шымкент қаласы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе, университеттің бітіруші түлектеріне арналған «Жас маман - 2023»
бос орындар жәрмеңкесіе ұйымдастырды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты - жоғары оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасуына көмек көрсету және түрлі сала қызметкерлерін жәрмеңкеге шақырып, жұмысқа орналасуы туралы алдын-ала келісімдер жасау.
Жәрмеңкеде жергілікті атқарушы орган өкілдері, білім беру ұйымдары басшылары, облыстық және аймақтық кәсіпорындар мен мекемелер өкілдері: «Рахат Шымкент» ЖШС, «Фудмастер» ЖШС, «Бөрте милка» ЖШС, «Бал текстиль» ЖШС, ДП ОРТАЛЫК ЖШС, СП Акбастау АҚ, АППАК ЖШС, СП ЮГХК ЖШС, ЖШС «Asia trafo», «Казфосфат» ЖШС (Тараз қ.), Астана қаласы полиция департаменті, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі мен басқада құзырлы органдар өкілдері қатысып, студенттерге жол көрсетті.
Сондай-ақ, түсіндірме жұмыстары барысында сала мамандары мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім шарты» мен «Күміс жас» жобалары туралы толыққанды мағлұматтар беріп, кездесуге келген азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде биыл 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланды. Ол шараларға бүгінге дейін нақты 4 870 адам қатысты, тиісінше, жоспар 14,5 пайызға орындалып отыр. Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған. 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында оқытылса, 1 976 адам онлайн оқуға қатыстырылмақ. Көпшіліктің көкейінде жүрген кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға қолдау көрсетіледі. Оның ішінде 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытылса, 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі.
1-14 сәуір аралығында вusiness.enbek.kz порталында азаматтардан өтінімдер қабылданып, 26-28 сәуір аралығындағы күндері комиссияда қаралды. 437 өтінім қабылданып, 336-сы комиссияға ұсынылды. Қаралым нәтижесінде тиісті санаттарға жататын 226 азаматқа оң шешім қабылданып, 110-на бас тартылды. Грант бөлінетін азаматтардың ішінен 69-ы жастар санаты болса, 157-сі халықтың осал топтарынан болып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ