ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАР ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ

ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДАР ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ

Бүгін Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі студенттері арасында жастардың діни танымдығын арттыру бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
Кездесуде Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уалихан Самат қатысып, оқу ордасының жастарына деструктивті діни ағымдардың қоғамға кері әсері мен зиян тұстары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалпы қоғам алдындағы мақсаты: студенттерге экстремизм, терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Деструктивті ағымдардың ассоциалдық және кей жағдайда қылмыстық сипаты жасырылады. Мұндай бірлестіктердегі психологиялық зорлық-зомбылық сүйіспеншілік пен қамқорлық түрінде ұсынылады. Әдетте, адам топтық құпиялылық күйіне көшіп, өз ортасындағы адамдардың ғана қарым-қатынасын шынайы, құнды деп бағалайды. Деструктивті діни ағым өз ұстанушыларына жеке және топтық сабақтар мен тренингтер үнемі өткізіп отырады. Ағым мүшелері «ағартушылыққа» уәде беретін ақысыз семинарлар өткізеді, оны “адамдардың бір-біріне қайырымды болу қажеттілігі” деп атап өтеді. Жеке тұлғаның ортаға сіңісіп, өз орнын тауып, жеке тұлға ретінде қалыптасқаннан кейін деструктивті ағымдарға тән “топтың әрбір мүшесінде жеке мүлкі болмауы керек, оған топ ұйымдастырушылары көмектеседі” деген ойға сендіреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ