Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауға алдын-ала жазылған жиырмаға жуық азамат кірді. Олардың басым бөлігі жер, мектеп, инфрақұрылым жүйелері төңірегінде мәселе көтерді.
Солардың бірі Біртілек ауылдық округінің тұрғыны қорғанындағы электр бағанасын көшеге шығару мәселесін көтерді. Өз кезегінде аудан басшысы тұрғынның түйіткілін шешу үшін жауапты мамандарға зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды атқаруды тапсырды. Сонымен қатар аудан тұрғындарының бірі салынған жолдың жолдың сапасы бойынша өз пікірін білдірді. Бұл мәселе бойынша Ұлттық сапа орталығы арқылы зерделеу жұмыстары атқарылатын болады.
Жеке қабылдау қорытындысымен аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әр мәселе бойынша салалық орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, мәселелерді басты назарда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.