СОЗАҚ: ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

СОЗАҚ: ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Жастар - қоғамның қозғаушы күші. Бүгінде жастар түрлі салада үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, аудан мақтанышы болып келеді.
Аудандық Жастар ресурстық орталығы КММ –да жастар түрлі форматтағы кездесулер, мәдени- спорттық шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жастарға көңіл бөліп, мәдени спорттық шаралар мен кездесулерге қатысып, қолдау танытып келеді. Оларды жұмыспен қамту, грант, арзандатылған несие алу бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудан басшысының жастармен өткен кездесуіне білім, мәдениет саласы өкілдерімен жас кәсіпкерлер, ерікті жастар қамтылады. Жастар өз кезегінде толғандырған мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізеді. Олардың ұсынысы аяқсыз қалмай, С.Қожанов атындағы ескі музей ғимараты балалар шығармашылық үйіне арналып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жастар тарапынан мектеп оқушылары бос уақытын тиімді өткізетін «Оқушылар сарайын» ашу жұмыстары да қолға алынды. Бұдан бөлек өз кәсібін ашқан жас кәсіпкерлерді де жеке дара аралап, тиісті қолдауларын көрсетіп келеді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қостанайға жұмыс сапары барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е.Нағаспаев өңірдегі бірқатар өндірістік нысандарды аралады. ​Министр Индустриалды аймақтағы Kia...

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...