СОЗАҚ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

СОЗАҚ: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдармен ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы және тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру басты назарда.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Созақ ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен Созақ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша іс-шараға аудан әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты дербес бөлім қызметкерлері қатыстырылды.
Аталған іс-шарада тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандарымен тиісті жауаптар мен кеңестер беріліп, заңнама нормалары кеңінен түсіндірілді, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...