ТҮЛКІБАС: БАЛЫҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС: БАЛЫҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгінгі күннің екінші жартысына жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес Балықты ауылдық округінде аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов тың халыққа есеп беру жиыны өтті.
Басқосуға аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев пен дербес бөлім басшылары және жауапты мекеме мамандары қатысы.
Тұрғындар тарапынан ауыз су, аяқ жол, көше жарық шамдарын орнату, қоғамдық көлік пен заңсыз таксилерге қатысты мәселелер көтерілді. Аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы ең алдымен ауыз су, газ құбырын тарту, жарық қою сынды қажеттілігі жоғары мәселелерді шешу керектігін тілге тиек етті. Ал қалған мәселелерді жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен қаражаттың түсіміне қарай шешетінін жеткізді.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын қанағаттандыру мақсатында жауапты мамандар мен дербес бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, заң аясында шұғыл жұмыс атқаруды міндеттеді.
Жиын соңында, аудан әкімі Нұржан Жақсылықұлы жеке қабылдауын тек сәрсенбі күні ғана емес, кез-келген жұмыс күні қабылдап тұрғындар мәселесін шешуге жұмыс жасайтынын айтып, ауыл ақсақалдарынан бата алды, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...