Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанына бекітілген кестеге сәйкес, аудан әкімі Арман Сәбитов Манкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Жиын басында 2023 жылдың сәуір айында өткен кездесудің қорытындысы тыңдалды. Көтерілген 5 мәселенің орындалу нәтижесін ауылдық округінің әкімі А.Сайтмуратов таныстырды.
Кездесудің күн тәртібіне сәйкес, манкенттіктер ұсыныс-пікірлерін ашық білдіріп, өзекті мәселелердің төңірегінде талқылау өтті. Қойылған әрбір сұраққа тиісті жауаптар берілді. Олардың ішінде Қарауыл төбе көшесінің жоғарғы бөлігін ауыз сумен және ауыл округін электр жарығымен тұрақты қамтамасыз ету, қоғамдық-көпшілік демалатын саябақ және ардагерлерге арналған шайхана ашу, балалар алаңшасын және спорт кешенін салу, ауыл орталығындағы жекеменшікке өткен 30 соттық жерді мемлекет меншігіне қайтарып, осы жерді демалыс орнына айналдыру секілді талап-өтініштері болды.
Аудан басшысы Арман Сәбитұлы аудан көлеміндегі өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында «Жол картасы» әзірленіп, бірінші кезекте жергілікті халықты инфрақұрылыммен қамтуға назар аударып жатырғандығына тоқталды. Сонымен қатар, өнер кәсіп пен ауылшаруашылығы саласын дамыта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу. Сол арқылы, бюджеттің кіріс көздерін толтыру, салық түсімдерін арттыру.
Жүздесу соңында, тұрғындардың мәселелері бойынша сала басшылары мен Манкент ауылдық округінің әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Өз кезегінде ауыл белсенділері бата-тілектері мен алғыстарын жеткізді, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.