ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалы жанынан құрылған топ азық-түлік тауарларының бағаларына зерделеу жұмыстары жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі зерделеу жұмыстарын жүргізетін топ дүкендер желісінде азық-түлік тауарларының бағаларына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, алдағы уақытта аудан аумағындағы жұмыс топтар супермаркет, базар, дүкендерді аралап, нарықтағы тауар бағасын бақылап, бағаның себепсіз өсуінің алдын алады.
Партияның аудандық филиалының жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мен Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінен құрылған мониторингтік топ мүшелері сауда орындарындағы тұтынушыларымен пікірлесіп, алдағы уақытта аудан аумағындағы сауда орындарымен базарларындағы тауарлардың бағасына тұрақты зерделеу және талдау жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратынын жеткізді.
Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары барысында аудандағы «Азия Фарм» дәріханасындағы дәрі бағаларына мониторинг жасалды. Баға шекті бағадан аспаған.
Зерделеу барасында арнайы құралған жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді.
Орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.
Сондай-ақ, кемшіліктер орын алған кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту беріліп, алдағы уақытта нысан ауласын қала аумағын абаттандыру қағидаларының негізгі талаптарына сай жүйелеп, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жүктелді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы...