ШЫМКЕНТ ЦИРКІНДЕ ОТБАСЫЛЫ ИЛЛЮЗИОНИСТЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

ШЫМКЕНТ ЦИРКІНДЕ ОТБАСЫЛЫ ИЛЛЮЗИОНИСТЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Цирк - ерекше талғампаздықты, ептілік пен шапшаңдықты талап ететін қиындығы мен қызығы қатар жүретін өнер! Осындай жауапкершілігі мол қызметті отбасымен бірге қолға алып, цирк өнеріне аянбай еңбек етіп жүрген Сергей Мұстафин және оның өнерлі отбасы жайында айтпақшымыз.
Сергей өзінің жұбайы Гузель Зуфарқызы Мустафинамен бірге Шымкент цирк мекемесінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Өздерімен қатар ұлы Марк, қызы Сабина да цирк өнерін жетік меңгерген.
Сергей акробаттар тобының жетекшісі, цирк өнеріне қызығатын жас буынды дайындайды.
«Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Аз уақыт ішінде шығармашылық ұжым клоун, шапито, джигитовка, жонглерлік және эквилибристика бағыттарында өнер көрсетіп, ел қошеметіне бөленіп жүр.
Цирктегі Гигант, Ақбура, Ақтанау, Талисман, Месси атты ақылды аттар халықаралық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде. Былтырғы жылы жылқылардың қатысуымен ұсынылған “Джигитовка” қойылымы “АЗИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ” фестивалінде 13 мемлекеттің цирк өнерпаздары әзірлеген бағдарламалар арасынан алтын жүлдені иеленді.
Ақылды аттар арнайы күтіліп-бапталады. Ат құлағында ойнайтын шабандоздар жылқыларды күн сайын жаттықтырып, бабын келтіреді. Алдағы уақытта цирк қызметкерлері жануарлар санын арттырып, заманауи талапқа сай қызықты нөмірлер дайындауды жоспарлауда.
Сондай-ақ «Шымкент-циркінің» 10 жылдығына орай ұсынылған «Cirque du Soleil» бағытындағы «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасы да көрермендердің ыстық ықыласына бөленген болатын.
Сондай-ақ, жұбайы Гузель және ұлы, қызымен “иллюзионисттер” өнерін ұсынумен қатар акробатика, гимнастика, эквелибристика, фокус, иллюзия өнерін цирк сүйер көрерменге ұсынудан жалықпайды.
Бүгінде қызы Сабина Қытай Халық Республикасында Чанджоу қаласында иллюзианист болып өнер көрсетсе, баласы Марк Мәскеу қаласында РУЦЭИ-де 3 курста оқу оқиды.
Еңбектері еш кетпеді, Сергей Борисович 2015 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталып, қазір Алматы қаласында өтетін, 15 мемлекет қатысатын сайысқа яғни, Халықаралық цирк фестиваліне дайындық үстінде. Сәттілік тілейміз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...