ШЫМКЕНТ: ҮШ ЖЫЛДА 792 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

ШЫМКЕНТ: ҮШ ЖЫЛДА 792 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең.
Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде.
Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті.
2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды.
2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді.
Осылайша, биылғы жылдың соңына дейін қала жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу көзделген.
Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр.
Ал 2024 жылы 8 көше, 2025 жылы 10 көше жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады.
Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ.
Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған.
Нәтижесінде мегаполисте жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыздан биыл 71 пайызға жеткізу көзделуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...