Қазақстан түрмедегі адам саны бойынша халықаралық рейтингте 100-орында

Қазақстан түрмедегі адам саны бойынша халықаралық рейтингте 100-орында

Соңғы он жылда Қазақстанда жазасын өтеп жатқандардың саны 2 есеге дейін азайған. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов хабарлады.

«Қазіргі уақытта пенитенциарлық жүйені жандандыру бойынша мақсатты жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында бізге бірқатар тапсырламалар жүктелді. Сол міндеттерді іске асыру шеңберінде ҚАЖ мекемелеріне жаппай бейнебақылау жүйесін орнату бойынша мәселелер пысықталып жатыр. Бұл өз кезегінде колониялардағы жағдайды уақытында бақылауды қамтамасыз етеді және сотталғандардың, сондай-ақ қызметкерлердің тарапынан болуы мүмкін заңбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді», - деді Жанат Ешмағамбетов.

Төрағаның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан түрмедегі адам саны бойынша әлемдік рейтингтің 100-ші орнында тұр. Ал, осыдан 18 жыл бұрын бұл көрсеткіш АҚШ пен Ресей секілді елдерден кейін 3-ші орында болған. Бүгінде еліміздегі 82 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 30 мыңнан аса адам ұстауда отырса, бұрын оның саны 57 мың болған. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...