Шымкентте баласын 1 миллион теңгеге сатқан әйел сотталды

Шымкентте баласын 1 миллион теңгеге сатқан әйел сотталды

Шымкентте кәмелет жасына толмаған баласын 1 миллион теңгеге сатқан тұрғын сотталды, - деп хабарлайды  қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"2020 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іс-шарасын жүргізу барысында 1993 жылы туған тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған баласын 1 миллион теңгеге жергілікті тұрғынға сатып жатқан кезінде ұсталып, полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында күдікті өз кінәсін толығымен мойындап, жасаған іс әрекеті үшін өкінген.

"Күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтаратпау шарасы қолданылды. Осы жылдың 20 наурызында аталған қылмыстық іс бойынша жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды" - делінген хабарламада.

2020 жылдың 27 қыркүйегінде Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотымен күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 6 жыл бас бостандығынан айырылды

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...