Түркістан қаласының дамуы туралы айтатын болсақ, тұтастай жаңа қала салынды деуге болады. Зерттеулерге сүйенсек, қала халқы 56 356 адамға өсіп, 221 102 адамды құрады (2018 жылы 164 746 адам болған). Төрт жылда қалаға тартылған инвестиция көлемі 8 есеге артып, жалпы 793,2 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, 50 пайызға жуығы (389,4 млрд теңге) жеке инвестиция. Қаланың негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланып, жаңадан халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтары салынды. Биыл мұз айдыны, Теннис орталығы, ескек есу каналы Б.Саттарханов атындағы спорт кешені, туристерге арналған жасанды көл демалыс орталығы салынып, пайдалануға берілмек.
Төрт жылда Түркістан қаласында жалпы 337 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Аталған көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы толық аяқталса, 15 мың пәтер пайдалануға беріледі.
Бұған қоса ерекше үш мәселенің түбегейлі шешілген. Алғашқысы – табиғи газбен қамту. Бұған дейін табиғи газбен қамту деңгейі 26 пайыз болса, бүгінде қала тұрғындарын көгілдір отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Өткен жылы табиғи және сұйылтылған газды қауіпсіз пайдалану мақсатында әлеуметтік қолдауға мұқтаж 500 отбасыға газосигнализатор орнатылып, бұл өз кезегінде қаланың экологиялық ахуалын жақсартып және жасыл экономика бағдарламасына оң септігін тигізіп жатыр. Екіншісі – қала халқын сумен қамтамасыз ету. Бұрын Түркістан қаласында халық 100 пайыз таза ауызсумен қамтамасыз етілмеген және суармалы су өте аз болды. Осы мәселерді шешу мақсатында бірінші кезекте халықты ауызсумен қамтамасыз ету қолға алынып, жүзеге асырылған екі ірі жобаның арқасында бүгінде бұл мәселе түбегейлі шешілген және істе 2050 жылға дейін халық саны 500 000 адамға жету мүмкін деген болжам да ескерілген.
Түркістан қаласына 234 млн текше метр ағын су жетіспейтіні анықталып, оны шешу үшін ғалымдармен кеңесе келе Түркістан қаласына 248,8 млн текше метр ағын су жеткізудің жолы табылған. Бұл үшін «Түркістан магистралды каналын күрделі жөндеу» жобасы арқылы 60 млн текше метр су үнемделіп, қала аумағындағы 8 шақырым канал бойы абаттандырылады (құны – 16,5 млрд тг). Бұрын ағын су 43 пайыз фильтрациялық шығынға ұшыраса, енді оны болдырмау үшін бүгінде 52 шақырым каналды бетондау жұмыстары жүргізілген. Жаңадан «Сарқырама» су қоймасын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су жеткізілмек (құны 7,4 млрд тг). Сондай-ақ Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу жобасы арқылы 40 млн текше метр ағын су жеткізіледі (құны 20 млрд тг).
Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуі қалыптастырылып, құны 26,9 млрд теңге болатын бес серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қала аумағында 225 гектарда 30 саябақ, 13,6 гектарда 15 сквер мен аллеялар, 129,4 гектарда 9 алаң бар. Түркістан қаласын абаттандыру мақсатында Майкөтов көшесіндегі «Желілік саябақ», «Төле би саябағы», «Шатқал саябағы», «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағын көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, 1 шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын (36,3 га құрайтын 3 аулаға) абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінде Түркістан қаласын дамытудың екінші кезеңінің жұмыстары басталып кетті. Кешенді жоспарға сәйкес 109 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестиция көлемі 1,3 трлн теңге, оның 1 трлн теңгесі немесе 77 пайызы жеке инвестициялар.
Қаланы дамытудың екінші кезеңі бірнеше аумақта іске асырылады, аумақта әуежай аумағына ауыл шаруашылығы және басқа да серпінді жобалар іске асырылатын болады. Бірінші аумақта әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында заманауи білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен әкімшілік ғимараттар, демалыс орындары салынатын болады.
Екінші аумақта Б.Саттарханов даңғылы бойынша спорт кешені, Яссы желілік саябақтары салынбақ.
Үшінші аумақта мәдени-рухани орталықта Әзірет Сұлтан мұражай аумағы абаттандырылып, Қылует мешіті, аз қабатты тұрғын үйлер құрылысы іске асырылмақ. Аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы облысымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жетіп халықтың табысы мен еңбек өнімділігі 50 пайызға өсіп, 40 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Мұның бәрі Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында облыс басшылығы алдына қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттер болып саналады. Түркістан – жай қала емес, алыс-жақынға даңқы кеткен ежелгі тарихи қаланың бірі. Ал қазіргі жағдайда ол уақытпен бірге қарқынды қарыштап, тез дамып келе жатқан заманауи қала. Демек, оның дамуы, белгілі бір дәрежеде еліміз дамуының көрсеткіші деуге болады. Енді алдағы ширек ғасырда Түркістан шаһары жарты миллион адам тұратын еліміздегі белгілі қалалардың біріне айналмақ. Сондықтан қаланы барлық жағынан дамытуға деген жол бүгіннен басталып жатқаны көңіл қуантады.
Биыл Түркістан облысындағы 393 көше жарықтандыру жүйесімен толықтай қамтылмақ. Сонымен, жалпы үлес 44,9%-ға ұлғайды. Ал жыл басынан бері 176,4 шақырымды құрайтын 142 көшеге жарықтандыру жүйесінің құрылысы жүргізілген болатын. Қазіргі уақытта 53,3 шақырымдық 49 көшені жарық көзімен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен бірлесе техникалық шарт әзірленіп жатыр. Нәтижесінде, үлес 61,1%-ға жетеді. Сонымен қатар, 2023 жылдың соңына дейін қосымша 223 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарда бар. Электрмен қамту мақсатында 2021жылы 32 000 тұрғыны бар 40 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылса, өткен жылы қосымша 38 300 тұрғыны бар 10 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Түркістан қаласы аумағы 98,5 пайыз электр қуатымен қамтамасыз етілген, оның 84 пайызы сапалы электр қуатымен. Биыл 3 нысанның құрылысын аяқтап, қамту көрсеткішін 99 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Қаладағы көшелерді жарықтандыру мақсатында өткен жылы 147,8 шақырым құрайтын 155 көше нақты жарықтандырылды. Сонымен бірге, былтыр қалада 175 шақырымды құрайтын 185 көшесіне тас төселген болатын. Биыл бұл жұмыстар 94 көшеде жалғасады деп жоспарланған. Қазіргі таңда 21 шақырымды құрайтын 24 көшеге жүргізіліп үлгерді. Атап айтқанда, Яссы, Шауғар, Бірлік, Отырар секторларындағы — 5 көшеге, Сауран секторындағы Н.Бекежанов, М.Өтемісұлы көшелеріне, Бекзат секторындағы А.Үсенов, А. Дибаев көшелеріне тас төселді. Сондай- ақ, 4,7 шақырымды 5 көшеде тас төсеу үшін жол негізі дайындалуда.
Айта кетейік былтыр, Түркістан қаласында 269,201 шақырым құрайтын 211 көшеге жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарланған болатын. Ал қазіргі таңда 241,6 шақырымды құрайтын — 174 көшесі жарықтандырылды.
Секторлар бойынша айтар болсақ, Сауран мөлтек ауданының – 17 (21,8 шқ) көшесі, Яссы секторының – 54 (70,8 шқ) көшесі, Отырар секторының – 37 (33,78 шқ) көшесі жарықтандырылса, Шауғардың – 17 (19,5 шқ), Бірлік секторының – 24 (25,67 шқ) көшесі, Бекзат мөлтек ауданындағы — 38 (70,08 шқ) көшеге жарықшамдар орнатылды. Ендігі кезекте 27,606 шақырымға созылған 46 көшені жарықтандыру жұмысы жалғасады. Осыдан бөлек, биыл қосымша 273 көшеде жарықтандыру жүйесін жүргізу жоспарлануда. Аталған нысандар құрылысы толығымен іске асқан жағдайда, қала аумағындағы жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесі 82%-ды құрайтын болады.
Ел экономикасының өркендеуі немесе құлдырауы әрине сол өңірдің өнеркәсібіне логистикасына, ауылшаруашылығы мен құрылыс нысандарына байланысты. Осыған дейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Өңір басшысы алдымен Түркістан қаласы, Қ.Исабеков көшесінде орналасқан өрт сөндіру ғимаратын қайта құру, жаңарту жұмыстарын көрді. Түркістан қаласы әкімдігінің тапсырысымен қолға алынған құрылыс биыл қараша айында аяқталады деп жоспарланған.
– Мемлекеттік тапсырысты алған соң жұмыс сапалы атқарылуы тиіс. Қатаң бақылауға алынсын. Түркістан қаласындағы инфрақұрылым жұмыстары зерттеліп, жоспарланып жүзеге асырылуы тиіс. Демографиялық өсім ескеріліп, шаһар соған сай дамытамыз. Алдағы уақытта көлік ағымы да ұлғаюы мүмкін. Бұл ретте жолдарды кеңейту, асфальт төсеу, сапасын жақсарту, жаңа жолдарды қолданысқа енгізу маңызды. Жауапты басқармалар мен қала әкімдігі құрылыс барысын қадағалауда ұстап, жұмыс сапалы атқарылсын, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыс әкіміне Қазыбек би О.Жарылғапов көшелері аралығындағы жолдың құрылысы таныстырылды. 2,5 шақырымға созылатын жол 4 жолақты. Құрылысты іске асыру мерзімі – 2023 жылдың соңы. Жоба құны – 1718,2 млн. теңге. Сонымен бірге өңір басшысы Ә. Жангелдин көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді. Жолдың ұзындығы – 3,8 шақырым. Санаты – жалпықалалық 4 жолақты магистралды жол. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржыны бөлу, үйлер мен жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке алу барысындағы мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді. Дархан Сатыбалды жолдарды сапалы жүргізуге қолдау көрсетілетінін, көшелердің жан-жағын абаттандыру жұмыстарын да назарда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар биыл қалада тағы 34 шақырымды құрайтын 23 көшеге асфальт жол салу мәселесі көтерілген болатын. Нақтырақ айтсақ киелі шаһардың Ақниет, Бәйшешек көшелеріне, сондай-ақ, Ақниет — Ертөстік көшелері аралығындағы жолға, Т. Дүйсебаев, Ерқосай батыр, Барақ сұлтан, Ақтайлақ, Жиделібайсын көшелеріне асфальт салынды. Ал биыл 2023 жылы тас төсеу жұмыстары 89,6 шақырым құрайтын 94 көшеге жүргізіледі. Соңғы көрсеткіштер бойынша жыл басынан бері 56 шақырымды 65 көшеге тас төселді. Аталған жұмыстар халық көп шоғырланған алты сектордың алғы тізіміндегі көшелерге жүргізілді. Оған қоса шауғар секторындағы 31 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Шауғар секторындағы ашық алаңда өткен кездесуде бірқатар мәселе айтылды. Шауғар секторында жыл басынан бері 31 көшеге (20 шқ) тас төселіп, 22 аялдама орнатылды. Сонымен қатар, №6, 10 бағыттағы автобустар жаңартылып, №17, №20 жаңа бағыттары іске қосылды. Жыл соңына дейін, тағы жаңа №16 бағыты іске қосылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей экономиканың ілгерілеуіне көлік инфрақұрылымының да пайдасы орасан зор. Олай дейтініміз көлік логистикасы дамыған өңірде туризм саласына басымдық беріледі. Жыл сайын киелі мекеннің көрінісін тамашалауға жер жерден туристер ағылып келіп жатады. Көлік инфрақұрылымының дамуы да осыған кеп саяды. Сол себепті биыл Түркістан қаласына су жаңа қоғамдық көліктер әкелінді. Бұл біріншіден жергілікті тұрғындардың маңызды мәселесі болса, екіншіден туристерге жағдай жасау болып табылады. Жаңа көліктер қала көркі болумен қатар, жайлы қызмет пен озық мәдениеттің үлгісіне айналмақ. Қала халқын қоғамдық көліктермен қамтамасыз етіп отырған «Жолаушы» ЖШС-нің көлік саны артты. «Жолаушы» ЖШС 2023 жылдың 2 тоқсанында жаңа үлгідегі «ISUZU LE60» маркалы 10 дана автобуспен толықтырылды. Қоғамдық көліктің сыйымдылығы 25/56 жолаушыға лайықталған. Ұзындығы — 8,5 метр, желдеткіш пен қоларбаға арналған пандус, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылғысымен жабдықталған. Айта кетейік, жақында дәл осындай үлгіде 10 дана және қосымша «YUTONG» маркалы 16 дана автобус келеді деп күтілуде. Қолданыстағы қалаішілік әлеуметтік маңызы бар бағыттарын қайта жандандырып, автобус жүргізу жоспарлануда. Облыс орталығының қоғамдық көліктері қатары тағы 8 жаңа заманауи автобуспен толықты. Жаңадан келген автобустар ертеңнен бастап қолданыстағы №10- шы қоғамдық көлік бағытында жолаушы тасымалдайды. Автобустар сыйымдылығы жоғары, «Еуро-5» стандартына сәйкес келетін — «YUTONG» маркасына тиесілі. Ұзындығы — 8,5 метр, жалпы сыйымдылығы — 60 адамды құрайды. Ішінде заманауи электронды төлем жүйесі орнатылып, салқындатқыш-жылытқыш құрылғысымен қамтылған. Айта кетейік, жыл соңына дейін, «Жолаушы» ЖШС-і тарапынан осындай үлгідегі 24 жаңа автобус алынып, қолданыстағы қалаішілік әлеуметтік маңызы бар №2а, №12, №3 бағыттарында қайта жандандырып, жүргізу жоспарланған. Түркістан қаласында 845 шақырымдық 875 көше бар. Олардың 37,4 пайызы – асфальт, 47,5 пайызы – тасжол және 15,1 пайызы – топырақ жолдар. Топырақ жолдардың санын азайтып, тасжолдардың саны мен сапасын арттыру мақсатында 2021 жылы 158 шақырым қашықтықты құрайтын 185 көшеге тас төселді. Осы жылы қалған 127,3 шақырым топырақ көшелерге шағал тас төселіп, 46,4 шақырым құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жабыны төселмек. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 29,6 шақырымға жететін 26 көшеге аяқжол (тротуар) салу жоспарланған. Халыққа қолайлы болу үшін 2021 жылы 40 жаңа автобус сатып алынған. Автобустар дизель отынымен жүреді, салқындатқышы бар, мүгедек жандарға қолайлы..
Жалпы, қалада 24 қоғамдық көлік бағыты бар. Қоғамдық көліктің 18 пайызы жаңартылған. Биыл тағы 50 жаңа автобус сатып алу жоспарланған. Халыққа ыңғайлы әрі тасымалдаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктерге Tolem жүйесі енгізілген.