«Tolem» плагиат па?

«Tolem» плагиат па?

Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкент қаласындағы автобустарға жолақыны «Tolem» электронды жүйесімен төлеу енгізілген болатын. Осы орайда әлеуметтік желі белсендісі Ғасыр Құралбайұлы өзінің Facebook желісіндегі парақшасына қызықты жазба қалдырды. Оның айтуынша, аталған жүйенің логотипі плагиат сияқты. Бұл белгі 2016 жылы АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды логотипі болған екен.

«Шымкентте «Tolem» жүйесі енгізгені белгілі. Бірақ логотипке келгенде дизайнелер «Copy-Past» жүйесін іске қосыпты. Бұл логотип 2016 жылы Трамптың бейресми сайлау алды логотипі болған. Жасаушы компания: Design is Play. Авторлық құқық бойынша енді ашылған компанияға үлкен айыппұл келіп тұрмасын...» дейді желі белсендісі.

Ал, оқырмандардың бір бөлігі бұл жазбаға аң-таң болып отырса, енді бірі күлкіге қарық болуда.

Айта кететін тағы бір жайт, әкімдік тарапы аталған жүйенің іске қосылғаны жайлы жарияға жар салып жарнамалап жатса да, қала тұрғындарының көпшілігі аталмыш электронды төлеу жүйесін автобустардан көрмегендігін айтып шағымдануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...