КЕЛЕС: БІРЛЕСУДЕГІ ІШКІ КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

КЕЛЕС: БІРЛЕСУДЕГІ ІШКІ КӨШЕЛЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

Келес ауданының Бірлесу ауылдық округіндегі ішкі көшелерді жөндеуден өткізуді жергілікті тұрғындар сұранған болатын. Нәтижесінде Дихан елді мекеніндегі Ш.Уалиханов, Домалақ ана, Тауке хан көшелеріне (ұзындығы 1020 м) шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды. Ендігі кезекте 28 гвардия елді мекенінің Бөгенбай батыр және ішкі көшелері, Қазақстан елді мекенінің ішкі көшелері, Берекелі елді мекенінің ішкі көшелеріне (ұзындығы 6 650 м) шағал тас төсеу үшін, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Жеңімпаз мекеме анықталған соң жол жөндеу жұмыстары басталатын болады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Бірлесу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті.
- Бірлесу ауылдық округіне өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмыз. Өткен кездесуде көтерілген мәселерді шешу бағытында жоспарлы жұмыстар іске асты. Атап өтсем, 28 гвардия елді мекеніндегі СТК каналының үстіндегі көпір жөнделіп, тамыз айында тұрғындардың пайдалануына берілді. Сонымен қатар, Қазақстан елді мекенінен мәдениет үйін салуға және 28 гвардия, Дихан, Берекелі елді мекендерінен спорт алаңшасын салуға жер телімі анықталып, мемлекеттік акттері істелуде, - деді өз сөзінде аудан басшысы.
Тұрғындар сұранысы негізінде Дихан, Берекелі елді мекендерінде ауыз су жүйесіне ағымдағы жылдың тамыз айында «Омега» су қондырғысы орнатылды. Сонымен қатар «Келес қызмет» мекемесі тарапынан ағымдағы жылдың қыркүйек айында құдық қақпақтары ретке келтірілді.
Алдағы уақытта Бірлесу ауылдық округінің орталығындағы аллея жөнделіп, ішкі көшелерінің басым бөлігі асфальтталады. Бірлесу ауылдық округіне қарасты жалпы 49,5 шақырымды құрайтын 28 каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...